Бокстан Олимпиадаға жолдама алмаған салмақта іріктеу турнир өтеді

8-10 сәуір аралығында Астана қаласында бокстан 63,5 келі салмақ дәрежесінде іріктеу өтеді. Олимпиадаға баруға үмітті 6 боксшы арасындағы жарыста жеңгені Бангкоктағы лицензиялық жарысқа қатысады. 

Елордадағы іріктеу жарысына Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов, Ертуған Зейнуллин, Сабырхан Төрехан, Жандос Қыдыралиев және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қатысады. 

Мұндай турнирді алғаш рет өткізгелі отырмыз. Іріктеуге қатысатын боксшыны осындай спаррингпен таңдаймыз. Жеңіске жеткен спортшы лицензиялық жарысқа қатысады, - деді бас бапкер Мырзағали Айтжанов. 

Қазіргі таңда ерлер арасында 63,5 кило салмақта ғана Олимпиада жолдамасы жоқ. Өзге салмақта отандастарымыз төртжылдықтың басты додасына жолдама алып үлгерді. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!