Баку бәсекесі. Талғат Сырымбетов өзбек боксшысынан айласын асырды

Бакудегі бәсекенің финалына тағы бір боксшымыз жолдама алды. 60 кило салмақ дәрежесіндегі Талғат Сырымбетов жартылай финалда өзбек жігіті Бахтиер Асадовтан басым түсті.

Бірінші раундтан басымдығын байқатқан жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермей жеңіске жетті. Финалда отандасымыз әзербайжандық Азрак Бобировпен жұдырықтасады.

Азрак жартылай финалда Өзбекстандағы этникалық қазақ боксшысы Саят Ілясовтан айласын асырды. 

Айта кетейік, бұған дейін Сағындық Тоғамбай, Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш финалға шыққан болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз