Қазақстандық боксшылар Бакуде ресейлік қарсыластарын жеңіп финалға шықты

Қазақстандық боксшылар Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш (54 кило) Бакуде өтіп жатқан турнирдің финалына шықты. Олар 1/2 финалда Ресейден келген қарсыластарынан айласын асырды. 

48 килоға дейінгі салмақтағы ұлттық құраманың тәжірибелі боксшысы Теміртас ресейлік Адам Алиевті төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп шықты. Әлем және Азия чемпионы атағына лайық жекпе-жек өткізді. Финалда отандасымыз әзербайжандық Хасан Маликовпен жұдырықтасады. Қарсыласы жартылай финалда өзбек боксшысы Шодиержон Меликузиевтен айласын асырып кетті. 

54 кило салмақ дәрежесінің жартылай финалында ресейлік Максим Кузнецовпен жұдырықтасқан Тимур Қабдешов финалға жолдама алды. Алғашқы екі раундта ұпайын түгендеп алған жерлесіміз үшінші раундта екінші нөмірде жұдырықтасып, мұнда да үстемдігін көрсетті. Финалда өзбек боксшысы Қожаназар Нортожиевпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, бұған дейін финалға Сағындық Тоғамбай шыққан болатын. Бүгін кеште тағы екі боксшымыз жартылай финалдағы жекпе-жегін өткізеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз