Елена Рыбакина Майамиде басты қарсыласының бірін ұтты

Елена Рыбакина Майамиде басты қарсыласының бірін ұтты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда әлемнің 8-ракеткасы Мария Саккариді жарыс жолынан шығарды. 

2 сағат 49 минутқа созылған ойында Елена қарсыласын 7:5, 6:7 (4:7), 6:4 есебімен ұтып шықты. Корттағы кездесу барысында қазақстандық спортшы 10 эйс жасады. 

Жартылай финалда Елена беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен (32-ракетка) кездеседі. Ол ширек финалда тағы бір отандасымыз Юлия Путинцевадан басым түскен болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай