+1 жолдама. Қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасына лицензия алды

+1 жолдама. Қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасына лицензия алды
Фото: @Тұрар Қазанғапов

Батутты гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Мұсабаевтың Котбуста (Германия) өткен әлем кубогі кезеңінде көрсеткен нәтижесі есепке алынды. 

Германиядағы әлем кубогі кезеңінде ол 47-орыннан көрінген болатын. Олимпиадаға лицензия алу үшін жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтиже таңдалады. 

Айта кетелік, батутты гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі. 

Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай