Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz

Бейрутте (Ливан) үстел теннисінен WTT Feeder Beirut халықаралық турнирі аяқталды. Аталған сында қазақстандық Кирилл Герасименко күміс медаль еншіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы ақтық сында жұптық сындағы әлем чемпионы, Азия чемпионатының он дүркін жүлдегері, тайпейлік Чуан Чи-Юаньмен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі тайпейлік спортшы 3:1 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, финалға дейін Герасименко төрт кездесуде жеңіске жетті. Олардың арасында Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері Гьонис Панайотис (Грекия), командалық сындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Сатиян Гнанасекарян (Үндістан) бар. 

Қазақстан қоржынында тағы екі қола медаль бар. Айдос Кенжеғұлов пен Алан Құрманғалиев және Зәуреш Ақашева пен Сарвиноз Мірқадырова жұбы үздік үштіктен көрінді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов