Қазақ боксшылары Литвадағы турнирде 6 алтын медаль жеңіп алды

Литваның Каунас қаласында өткен Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақ боксшылары 6 алтын медаль жеңіп алды. 

 57 кило. Асылжан Серікбай
 63,5 кило. Жандос Қыдыралиев
 67 кило. Елнұр Сүйінбай
 71 кило. Фарух Тохтасунов
 75 кило. Азамат Бектас
 80 кило. Тұрсынбай Құлахмет

Жалпы аталған турнирге 11 боксшы аттанған болатын.  Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Алмат Әбдуәли (60 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі) ақтық сында сүрініп, күміс медаль иеленді. Ал Даниял Сабит (51 келі) пен Аманат Сабырғали (92+ келі) жартылай финалда жеңіліп, қола медальды қанағат тұтты.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!