Путинцева мен Рыбакина Майамидегі турнирдің үшінші айналымына шықты

Путинцева мен Рыбакина Майамидегі турнирдің үшінші айналымына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық екі теннисші Майамидегі турнирдің үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әйелдер арасындағы Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Майамидегі турнирдің екінші айналымында ресейлік теннисші, әлемнің 15-ракеткасы Людмила Самсонованы 6:1, 4:6, 6:3 есебімен ұтты. Ол енді үшінші кезеңде германиялық Грет Минненмен кездеседі.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина даниялық Клара Таусонды 3:6, 7:5, 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті. Рыбакина үшінші айналымда америкалық Тейлор Таунсендпен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан