УЕФА Қазақстан құрамасының ерекше камбэгін еске салды

УЕФА Қазақстан құрамасының ерекше камбэгін еске салды
Фото: Tengrinews.kz

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) Қазақстан құрамасының Данияға қарсы матчта жасаған камбэктің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың есте қалатын кездесулерінің бірі былтыр наурыз айында өткен еді. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің екінші кезеңінде Қазақстан 0:2 есебімен ұтылып тұрып, қарсыластарынан жеңісті жұлып алды.

Екінші таймда қазақстандықтар тойтарыс беріп, жеңіс голын соқты. Голдарды Бахтиер Зайнутдинов (73-минут, пенальтиден), Асхат Тағыберген (86-минутта) және Абат Айымбетов (89-минутта) соқты.

Айта кетейік, бүгін, 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Магомед Әдиев шәкірттері Ұлттар лигасының жартылай финалдық ойынын Грекия құрамасына қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен 00:45-ке жоспарланған. Бұл матчтың жеңімпазы Еуро-2024 жолдамасын сарапқа салу мүмкіндігіне ие болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UEFA EURO 2024 (@euro2024)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан