Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға ұшып барды

Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға ұшып барды
Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға (Грекия) ұшып барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰОК басшысы Грекия астанасына Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен келген. Геннадий Головкин Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өтетін Грекия-Қазақстан матчын тамашалайды.

Фото: olympic.kz

Ол құрама үшін маңызды матчта футболшыларға трибунадан қолдау көрсетпек.

Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жалғастыруда. Қазақстандық футболшылар Грекияны жеңуге тиіс. Бұл плей-офф финалында ойнауға мүмкіндік береді. Еуроға жолдаманы жеңімпаз команда иеленеді. Грекияға қарсы матч бүгін Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан