Футболдан Қазақстан құрамасы Афинаға жетті

Футболдан Қазақстан құрамасы Афинаға жетті
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грекия елінің астанасы Афинаға аман-есен жетті, - деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі. 

Жоспар бойынша ертең ойын алды баспасөз мәслихаты мен жаттығу өтеді. Матч 21-нен 22-не қараған түні сағат 00:45-те басталады (жергілікті уақыт 20:45). Тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты жолдамасы үшін өтетін Грекия мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойынға Нидерланд елінің төрешілері қазылық жасайды. 

Ойынға қазірге дейін 18 мыңнан астам билет сатылған. Кездесу Грекия астанасы Афина қаласындағы 30 мыңға тарта адам сыятын OPAP Arena стадионында өтеді.

FIFA рейтингінде Грекия құрамасы 49-орында тұрса, Қазақстан 100-орынға жайғасқан.

Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездесіп, барлығында грекиялық футболшылар жеңіске жеткен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай