Сүйіктісінен айырылған әлемнің екінші ракеткасы Майамидегі турнирге қатыса ма?

Сүйіктісінен айырылған әлемнің екінші ракеткасы Майамидегі турнирге қатыса ма?
Фото: instagram.com/sabalenka_aryna

Беларусь теннисшісі Арина Соболенконың сүйіктісі Майамиде қайтыс болды, ал спортшы маусымдағы ойынын уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін "Салават Юлаев" хоккей клубының баспасөз қызметі команданың бұрынғы шабуылшысы Константин Кольцовтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растаған болатын. Әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко хоккейшімен бірнеше жыл қарым-қатынаста болды.

"Ол осы аптада Miami Open турнирінде ойнауы керек еді және оның турнирдегі бірінші кездесуі жұма күнге жоспарланған. Бірақ "Үлкен дулығаның" екі дүркін жеңімпазы WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартады деп күтіліп отыр. 25 жастағы теннисші жаттығудың ресми кестесінен алынып тасталды және оның турнирге қатысатыны туралы әлеуметтік желідегі жазбалар өшірілді, - деп хабарлайды Tennis 365.

Спортшылар қарым-қатынасы туралы 2021 жылы жария еткен. 42 жастағы Константин Кольцовтың бұрынғы некесінен үш баласы бар.

Айта кетейік, Арина Соболенко мен турнирді ұйымдастырушылар қайғылы оқиғадан кейін әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан