Александр Бублик жеке рекордын орнатты

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 20-дан 18-орынға көтеріліп, өзінің жеке рекордын орнатты. Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 51-ден 58-ге Денис Евсеев 180-нен 184-ке сырғыды. Михаил Кукушкин 140-тан 139-ға жоғарыласа, Бейбіт Жұқаев 191-сатыда қалды. Кеше Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанған Дмитрий Попко 276-дан бірден 250-ге шықты.

Жұптық сында  Александр Недовесов 45-тен 46-ға төмендесе, Андрей Голубевтің (71) орны өзгерген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!