Азия чемпионатына қатысатын қазақ балуандары белгілі болды

Азия чемпионатына қатысатын қазақ балуандары белгілі болды
Фото: massaget.kz

11-16 сәуір күндері Қырғызстан астанасы Бішкекте күрестен Азия чемпионаты өтеді. Оған қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды. 

Азия чемпионатына қатысатын құрама тізімі ақпан айында ел чемпионатының нәтижесінде түзілген, көпшілігі финалда бақ сынаған. Сондай-ақ олардың қатарында әлем чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген Азамат Дәулетбеков пен Нұрсұлтан Тұрсынов, сондай-ақ әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан да бар.

Азия чемпионатына қатысатын балуандар тізімі: 

Еркін күрес: 

57 кило: Мейрамбек Қартбай
61 кило: Асыл Айтақын
65 кило: Санжар Мұхтар
70 кило: Мейіржан Әшіров   
74 кило: Талғат Сырбаз
79 кило: Азамат Өміржанов
86 кило: Азамат Дәулетбеков
92 кило: Әділет Даулембаев
97 кило: Ризабек Айтмұхан
125 кило: Абылай Совет

Әйелдер күресі: 

50 кило: Ирина Жәнібекова
53 кило: Аяжан Марқашева
55 кило: Зүлфия Яхьярова 
57 кило: Лаура Алмағанбетова
59 кило: Диана Каюмова
62 кило: Тыныс Дубек
65 кило: Ирина Казюлина
68 кило: Мадина Бақбергенова
76 кило: Эльмира Сыздықова

Грек-рим күресі:

55 кило: Нұрзат Қабдырахимов
60 кило: Ғалым Қабдунасыров
63 кило: Ержет Жарылғасов
67 кило: Алматбек Аманбек
72 кило: Николай Хапко
77 кило: Ибрагим Магомадов
82 кило: Евгений Поливадов
87 кило: Нұрсұлтан Тұрсынов
97 кило: Юсуф Мациев
130 кило: Мансұр Шадукаев

Бұған дейін Бішкекте өтетін лицензиялық турнирде белдесетін балуандар есімі болған еді. Аталған сынға биыл ел чемпионатында топ жарған балуандар қатысады.

Күрес түрлерінен Қазақстан құрамасында әзірге 2 жолдама ғана бар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай