Роналду мансабын қай командада аяқтағысы келетінін айтты

Роналду мансабын қай командада аяқтағысы келетінін айтты
Фото: bombardir.kz

Португалдық танымал футболшы Криштиану Роналду спорттағы мансабын қай клубта аяқтағысы келетіні жайлы айтты, - деп жазады TCR. 

Қазіргі таңда Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасында ойнайтын футболшы болашақта отанына оралғысы келеді. 

Мен мансабымды "Спортингте" аяқтаймын. Бір маусым ойнасам да, осы командаға бар көмегімді тигізгім келеді. Олар мені тауып тәрбиеледі. "Спортинг" командасы болмаса, мен McDonalds-та жұмыс істеп жүрген болар едім, - дейді футболшы. 

Айта кетейік, португалдық футболшы лиссабондық команда сапында 1997-2003 жылдар аралығында ойнады. Одан кейін "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" және "Ювентусте" доп тепті. 

2023 жылдан бастап Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасында ойнап келеді. Осы маусымда 39 матчқа қатысып, 35 гол соқты, 11 нәтижелі пас берді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай