Қазақстандық шорт-трекші әлем чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді

Шорт-тректен Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Денис Никиша күміс медаль иеленді, – деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

Қазақстандық спортшы 500 метрге жарысудан мәре сызығын екінші болып кесті. Оның нәтижесі - 41.676. 

Алтын медальді Қытай, қоланы Канада спортшысы иеленді. 

Айта кетейік, бұл отандық шорт-трек тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тарихи медаль. Бұған дейін Қазақстан командасының өкілдері ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған емес. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!