Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Анна Данилина Чарльстон (АҚШ) челленджер турнирінің жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген Данилина – қытайлық Чжан Шуай ширек финалда америкалықтар Далайна Хьюит – Мария Матеастың мысын басты.

Қазақстандық-қытайлық жұп тартысты матчта 6:1, 3:6, 10:7 есебімен басымдылық танытты. 

Анна Данилина – Чжан Шуай финалға шығу үшін аустралиялық Оливия Гадеки – ұлыбританиялық Оливия Николлспен шеберлік байқасады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан