"Реал" – "Сити", "Барселона" – ПСЖ. Чемпиондар лигасы жеребесі тартылды

"Реал" – "Сити", "Барселона" – ПСЖ. Чемпиондар лигасы жеребесі тартылды
Фото: ©twitter.com/ChampionsLeague/

Футболдан Чемпиондар лигасы ширек финалы мен жартылай финалының жеребесі тартылды. Жанкүйерлер бұл кезеңдерде аса тартысты ойындарды тамашалайтын болады. 

"Арсенал" (Англия) - "Бавария" (Германия)
"Реал" (Испания) - "Манчестер Сити" (Англия)
"Атлетико" (Испания) - "Боруссия" Д (Германия)
ПСЖ (Франция) - "Барселона" (Испания)

Ширек финалдық ойындар 9-10 және 16-17 сәуірде, ал жартылай финал 30 сәуір, 1 мамыр және 7-8 мамырға жоспарланған.

"Атлетико" (Испания) - "Боруссия" Д (Германия) ойынында ұтқаны ПСЖ (Франция) - "Барселона" (Испания) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Екінші жартылай финалда "Арсенал" (Англия) - "Бавария" (Германия) арасындағы ойынның жеңімпазы "Реал" (Испания) - "Манчестер Сити" (Англия) кездесуінде жеңіске жеткенімен кездеседі.

 Финал 1 маусым күні "Уэмбли" стадионында өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай