Тарихи жүлде! FIS кубогында алғаш рет қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды

Тарихи жүлде! FIS кубогында алғаш рет қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды
Фото: olympic.kz

Польшаның Закопане қаласында өтіп жатқан шаңғымен тұғырудан FIS кубогінде қазақстандық Данил Васильев топ жарды, – деп хабарлайды Olympic.kz

Данил Васильев үлкен тұғырдан секіруден жеңіске жетті. Бір қызығы, отандық спортшылар бұған дейін мұндай ірі жарыста топ жармаған. 

Данил Васильев 249.4 ұпаймен алтын медаль иеленді. Күмісті даниялық  Мартин Хамам (247.5), қоланы аустриялық Ульрих Волгенант (246.5) еншіледі. 

Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Илья Мизерных 15-сатыдан көрінді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай