Головкин аргентиналық боксшы қыздың арманын орындады

Головкин аргентиналық боксшы қыздың арманын орындады
Фото: DAZN

Аргентиналық боксшы қыз София Роблес орта салмақта әлем чемпионы болған отандасымыз Геннадий Головкинмен кездесті. Ол танымал боксшыны спорттағы кумирі санайды. 

София Головкинмен жуырда ғана Италияда өткен лицензиялық жарыста кездескен. Аргентиналық боксшы Х әлеуметтік желісінде Генамен бірге түскен суретін жариялап, қуанышын көпке хабарлады. 

Менің арманым орындалды, кумирім Геннадий GGG Головкинмен кездестім, - деп жазды боксшы қыз. 

Ал Instagram желісінде жазған жазбасында Головкинді "осы спорт түрінің эталоны" деп атап көрсетті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Golo?? (@la_golovkina)

Айта кетейік, София Роблес қазақстандық боксшыға көптен бері жанкүйер болып келеді. Тіпті шаршы алаңға «La Golovkina» деген лақап атпен де шығады. Ал әлеуметтік желідегі парақшасына есімін "София Головкина" деп жазған. Ол әуесқой деңгейде үш рет Аргентина чемпионы атанған.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай