Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде түрікмен футболшыларын ұтты

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде түрікмен футболшыларын ұтты
Фото: kff.kz

Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан мен Түрікменстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесу аяқталды. Жабық түрде өткен бақылау ойыны Магомед Адиев шәкірттерінің жеңісімен аяқталды.

Ойынның 2-минутында Ислам Чесноков Максим Самородовтың пасынан кейін есепті ашты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Үзілістен кейін 47-минутта Александр Зуев алыстан тоғыздықты көздеп, есепті еселеді.

Айта кетейік, екі жақтың келісімі бойынша матч жабық түрде өтті және ойынның хаттамасы мен шолуы болмайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай