Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімахнұлы (15-0, 10 КО) ұлыбританиялық нокаутшы Хамза Ширазмен (19-0, 15 КО) жұдырықтасуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Бұған дейін Шираз қазақстандыққа қарсы жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеген еді. Ал оның промоутерлік компаниясы болуы мүмкін жекпе-жекке дайындала бастады.

"Queensberry Promotions жеңіліп көрмеген Хамза Ширазды IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығаруды жоспарлап отыр. Егер ол жеңсе, Шираз 160 фунттық дивизионның королі атанып, табысты жекпе-жектерге жол ашылады", - деп хабарлады Boxing Studs Noticias.

Олар Эр-Риядтағы бокс кешінде кездесіп, алғаш рет көз арбасты.

Айта кетейік, Хамза Шираз – орта салмақтағы WBO рейтингінде көш бастап тұр және титулға негізгі үміткердің бірі. Жәнібек Әлімханұлы белбеуді 2022 жылдан бері иеленіп келеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!