Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан барлық команда анықталды

Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан барлық команда анықталды
Фото: ©"Боруссия" ФК

Футболдан Чемпиондар лигасының 1/4 финалына соңғы болып Дортмундтың "Боруссия" және Мадридтің "Атлетико" командалары жолдама алды. Олар түнде өткен қарымта ойында қарсыластарынан басым болып шықты.

Диего Симеоне жаттықтыратын мадридтік команда Миланның "Интер" клубын жарыс жолынан шығарды. "Атлетико" негізгі уақытта 2:1 есебімен ұтып шықты. Бірінші ойында италиялық команда 1:0 есебімен ұтқан. Нәтижесінде матч қосымша уақытқа жалғасып, одан кейін пенальти сериясы бойынша жолдама иегері анықталды. Алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

"Боруссия" өз алаңында Нидерландтың ПСВ командасын 2:0 есебімен ұтты. Алаң иелері сапынан Джейдон Санчо (3-минутта) мен Марко Ройс (90+5) гол соқты. Екі команда арасындағы бірінші ойында 1:1 есебі тіркелген болатын. 

Айта кетейік, бұған дейін ширек финалға ағылшынның "Арсенал" және "Манчестер Сити", испандардан "Реал" мен "Барселона", Германиядан "Бавария", Франциядан ПСЖ командалары шыққан еді. 

Ширек финалдың жеребе тарту рәсімі 15 наурыз күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай