"Барселона" мен "Арсенал" Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

"Барселона" мен "Арсенал" Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Фото: aa.com.tr

"Барселона" (Испания) мен "Арсенал" (Англия) футбол клубтары Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алды. Командалар түнде өткен қарымта ойындарда қарсыластарынан басым болды.

Хави жаттықтыратын каталондық клуб өз алаңында "Наполиді" 3:1 есебімен ұтты. Ойында Фермин Лопес (15- минутта), Жоау Канселу (17-минутта) және Роберт Левандовски (83-минутта) гол соқты. Неапольдық команда сапында бір голды Амир Рахмани (30-минутта) өз еншісіне жазды. 

Лондонның "Арсенал" футбол клубы да өз алаңында жеңіске жетті. "Портуды" негізгі уақытта 1:0 есебімен ұтып шықты. Жеңіс сыйлаған голды 41-минутта Леандро Троссард соқты. Бірінші ойында дәл осындай есеп айырмасымен португалдық команда жеңіске жеткен. Нәтижесінде ойын экстра-таймға жалғасып, жеңімпаз кездесу соңындағы пенальти сериясында анықталды. 

"Арсенал" командасы қақпашысы Давид Райя Венделл мен Вендерсон Галеноның пенальтиін қайтарып, командасын ширек финалға алып шықты. 

Бұған дейін ширек финалға ПСЖ, "Реал Мадрид", "Бавария" және "Манчестер Сити" командалары шыққан болатын. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай