UFC қазақстандық спортшыны үздіктер қатарына қоспады

UFC қазақстандық спортшыны үздіктер қатарына қоспады

UFC ұйымы спортшылардың рейтингін жаңартты. Жексенбі күні Майамиде өткен 299-шы турнирінен кейін кей спортшылардың нәтижесі жоғарыласа, кей спортшылар төмен сырғыған. 

Майамидегі турнирде қазақстандық Асу Алмабаев екінші жекпе-жегін өткізді. Отандасымыз америкалық Си Джей Вергараны айқын жеңіп шықты. Осылайша ұйым аясындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Алайда жаңарған рейтингте қазақстандық спортшы үздік 15 файтер қатарына қосылған жоқ. 

Асу бақ сынайтын жеңілірек салмақта ұйымның чемпиондық атағы бразилиялық Алешандре Пантожа еншісінде. 

Ultimate Fighting Championship (UFC) –  аралас жекпе-жектен әлемдегі ең беделді әрі танымал спорттық ұйым. Бас кеңсесі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында орналасқан. Бүгінде UFC-дің кез-келген жекпе-жек кеші әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген телеарналар арқылы миллиондаған жанкүйер жинайтын ауқымды шараға айналған. Кәсіпқой ережесіз жекпе-жек шеберлері осы ұйым аясында бақ сынауды мақсат тұтады.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай