Новак Джокович әлемдік рейтингте 123-орында тұрған теннисшіден жеңіліп қалды

Новак Джокович әлемдік рейтингте 123-орында тұрған теннисшіден жеңіліп қалды
Фото: ©ATP

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Индиан-Уэллстегі турнирдің 1/8 финалына шыға алмады. Жүлде қоры 9,5 миллион долларды құрайтын жарыста ол италиялық Лука Нардиге жол берді. 

Лука Нарди жарыстағы аутсайдерлердің бірі болатын. Әлемдік рейтингте 123-орында тұр. Дегенмен Новакқа қарсы ойында 4:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңіске жете білді. Ойын 2 сағат, 20 минутқа созылды. 

Новак Джокович мансабында "Мастерс" және "Үлкен дулыға" жарысында 100-орыннан төмен тұрған теннисшіден алғаш рет жеңілді. 

Серб теннисшісі бұған дейін Индиан-Уэлстегі жарыста 5 рет топ жарған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай