Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Олимпиада жолдамасынан қағылды

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Олимпиада жолдамасынан қағылды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Бусто-Арсициодағы іріктеу турнирінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Хальзова ұлыбританиялық Синди Нгамбамен кездесіп, қарсыласына жол берді. 

Жекпе-жек бойына тізгін бермеген Синди үшінші раундта қазақстандық боксшыны нокдаунға жіберіп, кездесу тоқтатылды. 

Осылайша, Хальзова Париж жолдамасына бұл жолы қол жеткізе алған жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан