Қазақстандық теннисші жарқын жеңісінен кейін айрықша биімен жанкүйерлерін қуантты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде әлемнің 20-ракеткасы Мэдисон Кизді ұтып, төртінші айналымға жолдама алды. Жарқын жеңісінен кейін ерекше биімен жанкүйерлерін таңғалдырды. 

Юлия қарсыласын 6:4 және 6:1 есебімен ұтып шықты. Бұл жеңісінен кейін спортшы кортта айрықша би билеп, ұйымдастырушылар мен жанкүйерлерді қуантты. 

Келесі кезеңге билеп шықты, - деп жазды Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA). 

Путинцева келесі кезеңде әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен кездеседі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!