Қазақстандық көркем гимнасшы Испаниядағы турнирде топ жарды

Қазақстандық көркем гимнасшы Испаниядағы турнирде топ жарды
Фото: @Сали Сабиров

Испанияның Марбелье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қазақстандық Эльжана Таниева алтын медаль алды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

Эльжана Таниева доп жаттығуынан өткен финалда 33.400 ұпаймен алтын жүлдегер атанды. 

Бұл сында өзбекстандық спортшы күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы (32.200) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұл Эльжана Таниеваның жаңа маусымдағы халықаралық сында жеңіп алған алғашқы алтын медалі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай