Алматыдағы фристайл-могулдан әлем кубогі: Юлия Галышева мен Павел Колмаковтың нәтижесі қандай?

Алматыдағы фристайл-могулдан әлем кубогі: Юлия Галышева мен Павел Колмаковтың нәтижесі қандай?
Фото: olympic.kz

Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогінде  финалдық кезең аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер арасында Юлия Галышева 68.58 ұпаймен бесінші орын алды. Бірінші орынды аустралиялық Энтони Джакара 82.74 ұпаймен жеңіп алды.

Ерлер арасында Павел Колмаков 72.53 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді. Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери 84.89 ұпаймен топ жарды.

9 наурыз күні параллельді могулдан жарыс өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан