Бүгін Олимпиадаға іріктеу жарысында 5 боксшымыз жекпе-жекке шығады

Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 5 боксшымыз шаршы алаңға шығады. 

Олимпиадаға іріктеу турнирі 11 наурызға дейін жалғасады. Ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады. 

7 наурыз

Әйелдер. 54 кг. 1/16 финал. 15:15 Жайна Шекербекова (Қазақстан) — Шукура Карим (Нигерия)

Әйелдер. 60 кг. Ширек финал. 17:30 Римма Волосенко (Қазақстан) — Мирослава Единакова (Словакия)

Ерлер. 63,5 кг. 1/16 финал. 01:00 Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) — Радослав Росенов (Болгария)

Ерлер. 71 кг. 1/16 финал. 01:30 Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) — Дамиан Дуркач (Польша)

Ерлер. 92 кг. 1/16 финал. 03:15 Айбек Оралбай (Қазақстан) — Юнг Ха Ныль (Оңтүстік Корея).

Айта кетейік, қазіргі таңда боксшылар арасында Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова да ғана Олимпиада жолдамасы бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!