Римма Волосенко Олимпиадаға іріктеу жарысының ширек финалына шықты

60 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы қыз Римма Волосенко Италиядағы лицензиялық турнирде үшінші жеңісіне қол жеткізді. 1/8 финалда отандасымыз уругвайлық Камила Паоло Пинейродан айласын асырды. 

Римма қарсыласын айқын жеңіп шықты. Тіпті екінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға да түсірді. Бұған дейін ол Тринидад және Тобаго мен Мажарстан елінен келген боксшылардан айласын асырған еді. 

Бүгін түнде тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. 51 килоға дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов пен 92 килоға дейінгі салмақта Айбек Оралбай жекпе-жек өткізеді. 

Айта кетейік, Бусто-Арсициодағы лицензиялық турнир 11 наурызға дейін жалғасады. Ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!