ПСЖ мен "Бавария" Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

Францияның ПСЖ және Германияның "Бавария" клубтары Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты. Түнде өткен қарымта ойында қарсыластарынан басым болды. 

Париждік клубта сырт алаңда "Реал Сосьедадты" тағы да ұтты. Бірінші ойында 2:0 есебімен жеңіске жетсе, бұл жолы 2:1 есебімен ұтты. Ойында шабуылшы Килиан Мбаппе дубль авторы атанды.

Мюнхендік клуб өз алаңында камбек жасады. Бірінші ойында "Лациодан" 1:0 есебімен ұтылған Томас Тухель командасы бұл жолы есесін қайтарды. Италиядан келген команданы 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. 

Ойында Харри Кейн дубль жасаса, бір голды Томас Мюллер өз еншісіне жазды. 

Чемпиондар лигасы, 1/8 финал, қарымта ойындар

"Реал Сосьедад" (Испания) - ПСЖ (Франция) - 1:2 (бірінші ойын - - 0:2)
Микель Мерино, 89 - Килиан Мбаппе, 15, 56

"Бавария" (Германия) - "Лацио" (Италия) - 3:0 (бірінші ойын - 0:1)
Харри Кейн, 39, 66, Томас Мюллер, 45+2

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!