Қазақстан 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезеңіндегі тағы бір жекпе-жекте жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париждегі Олимпиадаға лицензиялық турнирдің 1/32 финалындағы кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол төрешілердің шешімімен тринидадиялық Доннел Филлипті бірауыздан ұтты.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов пен басқа да боксшылар Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбайлар да екінші айналымға өткенін жазған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!