Грекияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды

Грекияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды
Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев наурызда өтетін Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалы аясындағы Грекияға қарсы матчқа шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады.

Нақты тізімге 26 футболшы енді. Қазақстан премьер-лигасының 2-турынан кейін Ұлттық құрамаға тағы бір ойыншы қосылады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Данил Устименко ("Қайрат")

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – "Тобыл"), Марат Быстров, Александр Марочкин, Ян Вороговский (бәрі – "Астана"), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де – "Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Александр Зуев ("Арсенал", Ресей);

Жартылай қорғаушылар:  Асхат Тағыберген ("Ордабасы"), Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – "Ақтөбе"), Бактиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Әділет Садыбеков ("Қайрат"), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – "Астана"), Ислам Чесноков ("Тобыл");

Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – "Астана")

Бапкерлер штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. Грекия  – Қазақстан матчы наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Афинада өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай