Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алады?

Аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан (11-2) UFC Fight Night 238 турнирінде Умар Нурмагомедовпен болған жекпе-жек үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

MMA.Metaratings.ru ақпараты бойынша қазақстандық спортшы 16 мың доллар (12 мың доллары жұдырықтасқаны үшін, қалғаны демеушілер берген ынталандыру сыйақысы) табысқа кенелген. Ал оның қарсыласы Умар Нурмагомедов бұл жекпе-жекте 52,5 мың доллар еншілеген.

Айта кетейік, 26 жастағы қазақстандық спортшы Б.Алмахан Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 238 турнирінде ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасқан еді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Нурмагомедов төрешілер шешімімен басым түсті. 

Умар – танымал спортшы Хабиб Нурмагомедовтің інісі. 17-ші жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп келеді. Бекзат Алмахан болса екінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!