Александр Бублик әлемдік рейтингте үздік 20 теннисші қатарына қосылды

Александр Бублик әлемдік рейтингте үздік 20 теннисші қатарына қосылды
Фото: ktf.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жариялады. Қазақстандық теннисші Александр Бублик рейтингіде 23-тен 20-ға көтерілді. Бұл — оның спорттық жолындағы ең үздік рекордтық көрсеткіші.

Бублик өткен аптада Дубай АТР 500 турнирінің финалына дейін жеткен еді. Онда француз теннисшісі Уго Умберге жол берген-ді. Оның өзге де жарыстардағы нәтижелері үздік 20 теннисші қатарына қосылуына септігін тигізді.

Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 47-ден 51-ге сырғыса, Тенерифе (Испания) челленджер жарысының жеңімпазы атанған Михаил Кукушкин 165-тен 140-қа жоғарылады. 

Денис Евсеев 179-дан 180-ге, Бейбіт Жұқаев 190-нан 191-ге түсіп қалды. Дмитрий Попко 309-дан 276-ға, Тимофей Скатов 272-ден 269-орынға көтерілді. 

Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 45-ке көтерілсе, Андрей Голубев 70-тен 71-ге төмендеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай