Футболдан жаңа маусымның бірінші голын гвинеялық шабуылшы соқты

Футболдан жаңа маусымның бірінші голын гвинеялық шабуылшы соқты
Фото: ©ФК "Астана"

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымы басталды. "Астана" мен "Жеңіс" командалары арасындағы ойында маусымның алғашқы голын гвинеялық шабуылшы Усман Камара соқты. Ол 19-минутта "Жеңіс" қақпашысы қателігін оңтайлы пайдалана білді. 

Елордалық дербиде "Астана" 2:0 есебімен жеңіске жетті. Усман Камарадан кейінгі екінші голды 62-минутта Эльхан Астанов өз еншісіне жазды. 

Айта кетейік, Усман Камара "Астана" командасына Тбилисидің "Динамо" командасынан ауысып келген болатын. Трансферлік құны 350 мың еуроны құраған. Келісімге 2026 жылдың желтоқсан айына дейін қол қойылған. Ол 2015 жылы Гвинея құрамасы сапында Чилиде өткен әлем чемпионатына қатысқан. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай