Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасы басталады

Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының ойындары басталады. Бірінші ойын "Астана" мен "Жеңіс" командалары арасында өтеді. 

Елордалық командалар дербиі Алматыдағы "Хан-Тенгри" алаңында болады. Сағат 14:30-да басталатын кездесуді QazSport арнасы ресми сайтында тікелей эфирден көрсетеді. 

Бұл ойыннан бөлек, "Қайсар" – "Ақтөбе" (17:00) арасындағы матч өтеді. Ал "Жетісу" және "Ақсу" (17:00) кездесуі өтпейді. Павлодарлық команда қатысудан бас тартты. QFL 13 командамен жалғасады.

І турдың қалған 4 ойыны 2 наурызда өтеді. "Қайрат" (Алматы) - "Қызыл-Жар" (Петропавл) - 14:00, "Елімай" (Семей) - "Атырау" - 14:00, "Ордабасы" (Шымкент) - "Шахтер" (Қарағанды) - 16:30, "Тобыл" (Қостанай) - "Тұран" (Түркістан) - 19:00 командалары кездеседі. 

Биылғы QFL ойынында 26 тур болады. Соңғы ойындар 9-10 қарашаға жоспарланған. 

Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан премьер-лигасын "Ордабасы" командасы ұтып алған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!