Головкин Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін нығайтуға бар күшін салатынын айтты

Головкин Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін нығайтуға бар күшін салатынын айтты
Фото: instagram.com/gggboxing

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ең алдымен маған сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Бүгінгі кездесу барысында ҰОК қызметіндегі маңызды сәттерді, атап айтар болсақ, жаңа олимпиадалық циклге қатысты мәселелерді талқыладық", - деп жазды ол.

Головкин сонымен бірге комитет алдында тұрған барлық міндетті жақсы түсінетінін, бұған қатысты өзіндік көзқарасы, жүзеге асыратын жоспарлары бар екенін де жазды.

"Өзімнің және командамның атынан еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, халықаралық спорттық ұйымдармен ара-қатынасты жақсартып, Президент сенімін ақтау үшін бар күшімізді салатынымызды айтқым келеді", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан