Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті

Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Остин (АҚШ) WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина – қытайлық Шуай Чжан бастапқы кездесуін италиялық Луция Бронзетти – қытайлық Сиюй Ванмен сәтті өткізді.

Қазақстандық-қытайлық жұп бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 6:3, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. 

Анна Данилина – Шуай Чжан жартылай финалға шығу үшін аустралиялық Оливия Гадеки – ұлыбританиялық Оливия Николлспен кездеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!