Александр Бублик осы маусымда үшінші рет жартылай финалға шықты

Александр Бублик осы маусымда үшінші рет жартылай финалға шықты
Фото: Imago / Panoramic

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 38-орында тұрған чехиялық Иржи Лехечкамен кездесті.

Ол 6:4, 4:1 есебімен жеңіп келе жатқанда, қарсыласы матчты жалғастырдан бас тартты.

Александр Бублик жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына бағаланған доданың финалына финалына шығу үшін америкалық Себастьян Корда мен ресейлік Андрей Рублев кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан