Сүйікті командасының голына қуанған жанкүйер трибунадан құлап кетті

Футболдан Англия кубогының 1/8 финалында оқыс жағдай болды. Сүйікті командасының голына қуанған "Лидс" жанкүйері жоғары трибунадан төменгі қабатқа құлап кетті. 

"Стэмфорд Бридж" стадионындағы ойында "Челси" мен "Лидс" командалары кездескен еді. 8-минутта Матео қонақтарды есепте алға шығарған. Бұған қуанған жанкүйер абайсызда трибунаның төменгі қабатына құлап кеткен. Уақытылы медициналық көмек көрсетіліп, фанат ауруханаға жеткізілді. Көмек көрсетушілерге стадион қол соғып, алғыс білдірді. 

"Лидс" командасының өкілдері жанкүйердің дәрігерлер бақылауында екенін хабарлаған. Алайда денсаулығы жайлы ақпарат белгісіз қалып отыр. 

Ойында "Челси" командасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Англия кубогының ширек финалына шықты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз