Александр Бублик Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

БАӘ-де өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің екінші кезеңінде әлемнің 23-ші ракеткасы Александр Бублик Нидерланд өкілі Таллон Грикспурды (АТР рейтингінде 28-орын) жеңді. Кездесу 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Бублик 22 эйспен көзге түсті, үш қос қателік жасады және брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді.

Келесі айналымда қазақстандық Иржи Легечкамен (Чехия) шеберлік байқасады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!