Головкин жұдырықтасуды қоя ма? Сарапшы пікірі

Головкин жұдырықтасуды қоя ма? Сарапшы пікірі
Фото: HBO boxing

Мәскеуде өткен 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Ұлттық олимпиадалық комитет президентігіне тағайындалған Геннадий Головкиннің мансабына қатысты пікір білдірді. 

"Головкин рингке қайтып оралмайды дегенмен келіспеймін. Ол әлі де кез келген мықты боксшымен жақсы шоу көрсете алады. Ал тамаша үшін ғана өтетін матч туралы айтсақ, біз Тайсонды да, Джонсты да көрдік. Бәрі қаншалықты қомақты табыс көруге болатынына байланысты. Егер салмақты ұсыныс түссе, толыққанды жекпе-жек те өткізуге болады. Головкин бұл салаларды алып жүре алады деген ойдамын. Бастысы алдағы олимпиадалық циклді сәтті өткеру", - дейді Демьяненко.

Айта кетейік, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кеше ҚР ҰОК президенті болып сайланған еді. Ол бұл қызметте Тимур Құлыбаевты алмастырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай