Грекияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Грекияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасының наурызда өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланды. Жалпы тізімге 33 футболшы енді.

Оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Қазақстан құрамасы наурыз айында Грекияға қарсы ойнап, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдамасы үшін таласады.

Кеңейтілген тізім төмендегідей:

Қақпашылар: Игорь Шацкий, Бекхан Шайзада, Данил Устименко, Александр Заруцкий;

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов, Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов, Нұралы Әліп, Александр Зуев, Лев Скворцов;

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат, Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов, Әділет Садыбеков, Ислам Чесноков, Бақтиер Зайнутдинов;

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Эльхан Астанов, Иван Свиридов, Абат Аймбетов.

Айта кетейік, осы оқу-жаттығу жиыны барысында Қазақстан құрамасы Түрікменстанмен жолдастық кездесу өткізеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай