5 жыл шаршы алаңға шықпаған қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды

5 жыл шаршы алаңға шықпаған қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды
Фото: Тұрар Қазанғапов

5 жылдан бері шаршы алаңға шықпаған қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мырсатаев (7-0, 6 КО) 1 наурызда жекпе-жек өткізеді. BoxRec.com ақпараты бойынша отандасымыз түрік боксшысымен жұдырықтасады. 

Русланға қарсылас атанған – Хамза Гюнеш (6-1, 4 КО). Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. 

Қазақстандық боксшы соңғы рет 2019 жылдың қазан айында шаршы алаңға шыққан. Беларус боксшысы Юрий Быховцевті (10-23-7, 5 КО) төрешілер шешімімен жеңіп шыққан болатын. 

Түрік боксшысы да 2021 жылдан бері жекпе-жек өткізбеген. Соңғы кездесуінде отандасымыз Еділ Қожамбердиевтен жеңілген. Еділ де Алматыдағы бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Ол индонезиялық Александер Баджавамен (43-13-4, 16 КО) жұдырықтасады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай