Қазақ боксшылары Белградтағы бәсекеде бақ сынайды

Қазақ боксшылары Белградтағы бәсекеде бақ сынайды
Фото: @IBA

Сербияның Белград қаласында бокстан ересектер арасында өтетін "Белград жеңімпазы" атты халықаралық турнирде қазақ боксшылары да жұдырықтасады. Жарыс 12-18 наурыз аралығында өтеді.

Белградтағы жарысқа баратын құрам анықталып үлгерді. Олардың қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов та бар. 

48 келі: Ернұр Қайрат
51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
57 келі: Оразбек Асылқұлов
60 келі: Жексен Бейбарыс
63,5 келі: Ерасыл Таңқай
67 келі: Дулат Бекбауов
71 келі: Сабыржан Аққалықов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жақпеков
86 келі: Темірлан Мұқатаев
92 келі: Данияр Рахымбердиев
+92 келі: Дамир Тойбай

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жуырда ғана Болгарияда өткен дәстүрлі "Странджа" турниріне қатысып,  үш медальмен оралған еді. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай