Қазақстандық клубқа жаңа келген африкалық футболшы қашып кетті

Семейлік "Елімай" футбол клубына жаңа келген гамбиялық легионер Бубакар Травалли команда сапына қосылмай жатып қашып кетті. Бұл туралы "Серый CARDINAL" Telegram-арнасына сілтеме жасап 1bol.kz хабарлайды.

"Гамбия құрамасының футболшысы Бубакар Травалли "Елімайға" келіп, бапкерлердің қарауынан өтуі керек болған. Алайда, ол түнде қонақ үйде бүкіл затын тастап, өзі қашып кеткен. Оның қайда кеткені және не себепті кеткені әзірге белгісіз", - делінген аталған хабарламада.

Айта кету керек, шетелдік ойыншылардың қазақстандық клубтардан қашып кету жағдайы бұған дейін де болған. Мәселен, 2016 жылы "Челсидің" екі шәкірті "Ақтөбе" клубымен оқу-жаттығу жиынында жүріп қашып кетсе, одан алты жыл алдын испандық Хуан Безарес те дәл осы клубтан ешкімге айтпай кетіп қалған.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!