Левандовски Мессидің Чемпиондар лигасындағы рекордын жаңартты

Левандовски Мессидің Чемпиондар лигасындағы рекордын жаңартты
Фото: globallookpress.com

"Барселона" командасының шабуылшысы Роберт Левандовски команданың Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде жастағы футболшысы атанды. 

Поляк футболшысы түнде "Наполиге" қарсы өткен ойында гол соққанда 35 жас 184 күнге толған. Осылайша бұл көрсеткіш бойынша әйгілі Мессидің көрсеткішін жаңартты. Аргентиналық футболшы 2021 жылы ПСЖ командасына қарсы өткен ойында гол соққанда 33 жас 269 күнде болған.

Левандовски 2022 жылдың жазынан бері "Барселонада" ойнап келеді. Осы маусымда 34 ойынға қатысып, 18 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді. 

Месси болса "Барселона" мектебінің түлегі. 2004-2021 жылдар аралығында каталондық клуб сапында ойнады. Испания чемпионатында 10 рет, Чемпиондар лигасында 4 рет жеңімпаз атанды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай